Шаңғымен тұғырдан секіруден Щучинскідегі Гран-при: Сергей Ткаченко алтыншы орында

Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Сергей Ткаченко К-90 тұғырынан секіруден алтыншы орын алды. Ол 234,4 балл жинады. 

Бірінші орынды норвегиялық Халвог Эгнер Гранеруд (258,6), екінші орынды оның отандасы Мариус Линдвик (249,2) иеленді. Қола медаль Владимир Зогравски еншісінде (245,9).

Сондай-ақ...