Қазақстандық гимнасшылар әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасында әлем Кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додаға қазақстандық спортшылар да қатысуда деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші күннің іріктеу сайыстарынан кейін спортшымыз Фарух Нәбиев қоссырықтағы жаттығулар бойынша 6 орын иеленіп финалға жолдама алды.

Әйелдер арасындағы жарыста Аида Бауыржанова еркін жаттығулардан 3 орын алып, ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.