БАҚ лига: жазғы маусым өз мәресіне жетті

Елордада бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы БАҚ лига турнирінің тоғызыншы маусымы аяқталды.

Хабар арнасының командасы екінші орын алды. Ал Қазспорт – жазғы маусымның чемпионы атанды.

Айта кетейік, доп додасының тоғызыншы маусымы Президент телерадио кешенінің 25-жылдығына арналды. Ал өткен қысқы турнир Хабар агенттігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

БАҚ лиганың ендігі маусымы қараша айында басталады.