Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты қалай өтті?

5 қыркүйекте Токиода 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Биылғы Паралимпиадада қазақстандық спортшылар 5 жүлде жеңіп алды - бір алтын, үш күміс және бір қола.

Назарларыңызға жабылу салтанатынан фоторепортаж ұсынамыз. 

Ендігі Паралимпиада ойындары 2024 жылы Парижде өтеді.