Бокстан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды

Қайрат Сатжанов – ұлттық құраманың бас бапкері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бокстан қазақстандық жігіттерді енді осы маман жаттықтырады. Бұл жөнінде бокс федерациясы мәлімдеді. 51 жастағы Қайрат Тұрсынқанұлы өмірінің басым бөлігін осы спортқа арнады. Соңғы жылдары бокстан жасөспірімдер және жастар құрамасына жетекшілік етті. Енді ересектер құрамасының тізгінін алып отыр. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарған еді. Ол өз еркімен қыметінен кетті. «Екі жылдай уақыт аянбай еңбектендік. Қолдан келгеннің барлығын жасадым. Ешкімді сүйрелеген жоқпын. Ұлттық құрамаға қатаң іріктеуден өткен жігіттерді ғана алынды» деді Кенжебаев әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында.