Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының бас бапкерлері тағайындалды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп жазды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

Ұлттық құрама тізгінін Қайрат Сәтжанов ұстады. Сәтжанов 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болды. Оның шәкірттері әлем чемпионатында екі рет үздік үштікке енді (2013 - 2/1/5, 2015 - 1/1/3) енді, Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті (2013 - 8/2/1, 2017 - 8/2/2). 

2019 жылдан бастап Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырды. Екі жылда шәкірттері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте топ жарып (2019 - 6/1/2, 2021 - 8/2/2), әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 - 2/2/1). 

Айта кетейік, бокстан бас команданы бұған дейін (2018 жылдан бері) Ғалымбек Кенжебаев жаттықтырды. 

Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасын енді Шамиль Сафиуллин жаттықтырады. Ол Ерік Алғабекті алмастырды.