425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауыр атлетикадан қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

  • 173
  • UPD: 12:00, 07.09.2021
Ауыр атлетикадан қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік біріншілікке Түркияның Кемер қаласында дайындықтарын пысықтап жатыр. Жаттығу жиынында Гүлнұр Ыбырай (64 келі), Карина Кузганбаева (87 келі), Айзада Мүптілдә (87 келі), Артем Антропов (69 келі) және Нұрғиса Әділетұлы (69 келі) шеберліктерін шыңдауда. 

Айта кетерлігі, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты желтоқсан айының соңында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы