Қарағандыда үздіктер бас қосады: үстел теннисінен халықаралық дода ұйымдастырылады

15 қыркүйек күні Қарағандыда «Saryarka» үстел теннисі орталығында «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Хабар 24  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-тен астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Халықаралық доданың жалпы жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайды. 

Қазақстан сапынан екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко қатысады.

Айта кетерлігі, аталған жарыс 19 қыркүйекке дейін жалғасады. 

қарағандыда үздіктер бас қосады: үстел теннисінен халықаралық дода ұйымдастырылады

15 қыркүйек күні Қарағандыда «Saryarka» үстел теннисі орталығында «2021 ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.