Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында жаттығуын бастады

«Алтын доп» жүлдесінің бес дүркін жеңімпазы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле-Гуннар Сульшермен кездесіп, жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды vesti.kz.

Еске салайық, Роналду турнирік «Ювентус» командасынан тамызда ауысып, менчестерлік ұжыммен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасады. 

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» командасы 36 жастағы шабуылшы жетінші нөмірді алғанан хабарлаған еді. 3 қыркүйек күні ол Манчестер қаласына ұшып келіп, бірден карантинде болды. 

Ал бүгін, 7 қыркүйек күні ол команданың бас бапкері Сульшермен кездесіп, команда сапында бірінші жаттығу жұмысын өткізді. 

Айта кетейік, Роналду бұған дейін де «МЮ» сапында 2003 және 2009 жылдары өнер көрсетіп, 292 кездесуде 118 гол соқты.