Мен дивизион королімін – Жәнібек Әлімханұлы

«Мен дивизион патшасымын». Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы осындай мәлімдеме жасап, Деметриус Андрадемен жекпе-жекті талап етті. Соңғысы қазір WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

«Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионды бер. Оның ештеңесін ауыртпай титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын», - деді Жәнібек әлеуметтік желіде қалдырған жазбасында.

Айта кетейік, жерлесіміз бұған дейін бірнеше рет белдік үшін таласты сұраған еді. Ол соңғы жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңген болатын. Осылайша  бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да басым болды. Тіпті алтауын уақытынан бұрын аяқтады.

Бұған қоса, әлем чемпионатында тағы бір жерлесіміз Кирилл Курдиди де жүлдеге ілікті. Ол 1 шақырымдық гит бәскесінде қола жүлдегер атанды. Айта кету керек, велотректің дәл осы бағытында да бізде дүниежізілік доданың медалі болмаған. Байрақты бәсекеге елордадағы олимпиадалық даярлау орталығынан бас-аяғы 9 спортшы аттанды. Олар қалыптасқан жағдайға байланысты екі жылдай халықаралық жарыстарға қатыспады.

Кирилл Курдиди,  әлем чемпионатының қола жүлдегері:

- Ұзақ уақыт ешқандай жарысқа қатыспадық. Сондықтан, біздің мүмкіндігімізді қарсыластарымыз білмеді. Жарыс барысында намысқа тырысып, ел абыройын асқақтуды мақсат тұттым. Барлығы ойдағыдай болғанына қуаныштымын. 

Иван Сиваш, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы:

-  Шәкірттерім отандық спорт тарихында қалады. Өйткені, велортектен осындай деңігейдегі алғашқы жүлделерді әкелді. Юлия да, Кирилл де жаттығуын жалғастырады. Алда тағы да жарыстар бар. Әсіресе, Париж олимпиадасына қатысудан үміттері бар. Енді осы бағытта жұмыстанамыз.

Сондай-ақ...