US Open: қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирді сәтсіз аяқтады

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінде өз ойындарын аяқтады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Аталған жарыста Қазақстан сапынан Андрей мен Ярослава қалған болатын. Голубев пен германиялық Андреас Миес жұбы «Роллан Гаррос-2021» жарысының жеңімпазы франциялықтар Пол Эбер/Николас Мэйденнен 6:4, 5:7, 3:6 есебімен ұтылды.

Өз кезегінде Фабрис Мартинмен аралас жұпта өнер көрсеткен Шведова Даяна Ястремская (Украина)/Макс Пурселл (Австралия) дуэтіне 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.