Гризманн «Атлетикоға» оралды

Мадридтік «Атлетико» клубқа қайта оралған Антуан Гризманнды ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық футболшы мадридтік клубқа «Барселонадан» жалға келді. Жаңа клубында ол 8-нөмірмен ойнайды.

Еске салайық, 30 жастағы Гризманн мадридтік командада 2014-2019 жылдар арасында ойнаған.