УЕФА Руслан Валиуллинге қатысты іс қозғады

Бұл жөнінде жерлесіміз өнер көрсететін «Тобыл» командасы мәлімдеді.

Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше ұлттық құраманың мүшесі және қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы допинг сынақтан сүрінгені белгілі болды. Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуі аясында Украинаға қарсы ойынға қатысып, екі бірдей гол соққан еді. Ал кейін Финляндия және Босния құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.