Қапшағайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

11-12 қыркүйек күндері Қапшағай су қоймасында триатлоннан бірнеше спорттық бәсеке өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, элиталық атлеттер арасында Қазақстан ашық кубогінің екінші кезеңі өтеді. Сондай-ақ «суперспринттен» 15, 17 және 19 жасқа дейнгі спортшылар арасында еліміздің ашық чемпионаты ұйымдастырылады. 

11 қыркүйек күні Elite санатындағы спортшылар бақ сынайды. Олар 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымдық веложарыстан және 10 шақырымға жүгіруден жарысады.