ТМД елдерінің ойындары: қоржынға тағы 1 алтын, 3 күміс, 6 қола түсті

Қоржынға тағы 1 алтын, 3 күміс және 6 қола түсті. Қазан қаласында ТМД елдерінің ойындары өтіп жатыр.

Айта кету керек, бұндай форматтағы жарыс алғаш рет қолға алынды. Оның аясында 9 елдің құрамасы 16 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың соңғы күндері дзюдо, күрес және оқ ату бағыттары бойынша сындар өтті. Ұлттық құраманың көрсеткіші салыстырмалы түрде нашарлау. Өйткені, жалпы есепте 4-ші тұрмыз. Бүгінге дейін спортшыларымыз 89 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12-сі ғана алтын. Ал, топ басына Ресей, Өзбекстан жәнен Әзірбайжан құрамалары жайғасты. Алда әлі 2 жарыс күні бар. Қазандағы ойындардың жалпы қорытындысы 12-ші қыркүйекте белгілі болады.

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Айдос Ербосынұлы кезекті кездесуін елордада өткізеді. Жекпе-жек кеші алдағы жексенбіде ұйымдастырылмақ. Осыған байланысты қазір ол Нұр-Сұлтан қаласына келіп, соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Бұл жолғы қарсыласы - гайаналық Аллен Леннокс. Ол бүгінге дейін 24 кездесу өтізіп, 22-сінде жеңіске жеткен. Ал, Айдостың көрсеткіші 15 жекпе-жек, 15 жеңіс. Қос мықты арасындағы айқастың жеңімпазы WBA чемпиондық белгіліне үміткер атанады. Айта кетейік, жерлесіміз ең соңғы рет шаршы алаңға былтыр желтоқсанда шыққан ед. Елордадағы жекпе-жек кешінде ганалық Исса Самирді жеңіп, үш бірдей аралық чемпиондық белдігін қорғады. Бұған қоса, алдағы кеш аясында Бек Нурмагамбет, Евгений Павлов,  Данил Семенов және Феруза Шәріповалар да жұдырықтасады. Оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Жастар үмітті ақтамады. Прага қаласында су добынан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы алғашқы ойында гректерден ірі есеп айырмасымен жеңілді. Одан кейін ОАР мен Черногориядан да ұтылып, өз тобының соңғы сатысына жайғасты. Ал, 13-ші және 18-ші орындарға талас барысында алдымен Өзбекстан құрамасын ұтты. Одан кейін Мысыр командасынан басым түсті. Қорытынды есеп, сәйкесінше, 19:8 және 7:5. Ал, соңғы ойында Аргентинадан 10:11 есебмен ұтылды. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз 14-ші орында. Айта кетейік, Қазақстаннның ересектер құрамасы Токио олимпиадасында барлық қарсыласынан ұтылып қалған еді.