Хет-трик жасаған Месси Пеленің рекордын бұзды

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Аргентина Боливияны ойсырата жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Буэнос-Айресте өткен кездесуде алаң иелері қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Үш голды да ПСЖ форварды Лионель Месси салды.

Осы хет-триктің арқасында Месси оңтүстікамерикалық құрама үшір салған голдар бойынша Пеленің рекордын жаңартты. Пеле Бразилия сапында 77 гол салса, Мессидің еншісінде 79 гол бар.

Турнир кестесінде Аргентина Бразилиядан кейінгі екінші орында тұр.