425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Футболшы Жером Боатенг бес жылға соттала жаздады

  • 124
  • UPD: 14:27, 10.09.2021
Футболшы Жером Боатенг бес жылға соттала жаздады footballhd.kz

«Лионның» германиялық қорғаушысы Жером Боатенг отбасылық зорлық-зомбылық ісі бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды vesti.kz.

Енді ол бұрынғы сүйіктісіне моральдық өтемақы ретінде 1,8 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс. Бұл сомма екі ай бойына біртіндеп күнделікті төленеді.

Германия прокуратурасы футболшыны соққы кезінде жарақат салды деп айыптады. 2018 жылы футболшы Кариб аралдарындағы демалыс кезінде сүйіктісімен ұрысып қалып, сол жерде оған тап берген. Сонымен бірге айыптаушы Боатенгті бес жылға түрмеге жабуды сұраған екен.

Хабар 24 телеарнасы