«Мен бұл күнді көп күттім». Месси Аргентина құрамасындағы рекорды жайлы

34 жастағы Аргентина құрамасы мен франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси Пеленің рекордын бұзып, Оңтүстік Америка құрлығындағы ең үздік сұрмерген атанғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

«Мен бұл күнді көп күттім. Құдайға шүкір, бұл күнге де жеттім. Қолдауларыңыз бен махаббаттарыңызға алғыс айтқым келеді. Бұл әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ұмытылмас сәт болды», – деп жазды Месси Instagram парақшасында.

Еске салайық, кеше Буэнос-Айресте өткен кездесу Аргентина құрамасы Боливияны 3:0 есебімен жеңді. Үш голды да ПСЖ форварды Лионель Месси салды.

Осы хет-триктің арқасында Месси оңтүстікамерикалық құрама үшір салған голдар бойынша Пеленің рекордын жаңартты. Пеле Бразилия сапында 77 гол салса, Мессидің еншісінде 79 гол бар.

Сондай-ақ...