425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтетін жер анықталды

  • 149
  • UPD: 22:48, 10.09.2021
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтетін жер анықталды Olympics

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz

Биылғы біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. 

Әлемдік сын 7-17 желтоқсан аралығына жоспарланған. 

Қазақстан командасы дайындыққа кірісті. Қазіргі таңда Бақыт Ахметов бастаған топ Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

Әлем чемпионатына қатысушылар қарашада өтетін республикалық сыннан кейін анықталады. 

Хабар 24 телеарнасы