425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ТМД ойындарында Қазақстаннан барған екі гимнаст «қола» алды

  • 156
  • UPD: 18:26, 12.09.2021
ТМД ойындарында Қазақстаннан барған екі гимнаст «қола» алды Архив фото / Olympic.kz

Қазан қаласында өтіп жатқан бірінші ТМД ойындарында көркем гимнастика шеберлері  Қазақстан қоржынын екі медальмен толықтырды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл сында Қазақстан намысын Милана Парфилова мен Айым Мейіржанова қорғады. 

Айым ұршықпен жаттығуда қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ Милананың да еншісінде қола жүлде бар. Ол доппен жаттығуда үздік үштікке енген.

Хабар 24 телеарнасы