Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен Ресейдегі жарыста «алтын» алды

Ресейдің Новосибирск қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Александр Нестеренко мемориалында қазақстандық Аманғали Бекболатов жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аманғали финалда Ресей чемпионы Довуджан Тошевпен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл қазақстандық балуанның ұзақ үзілістен кейін жеңіп алған медалі екенін айта кеткен жөн.