Айдос Ербосынұлы Гайана елінен келген қарсыласты нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Айдостың қарсыласы гайаналық Леннокс Аллен (22-1-1, 14 КО) болды. Бұл іріктеу статусындағы жекпе-жек. Кездесу 12 раундқа есептелген. Ербосынұлы қарсыласын 10-раундта нокаутқа түсірді. 

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Айдос Ербосынұлы ганалық Исса Самирді (19-1, 16КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалған. Қазір WBA Super чемпионы мексикалық Сауль Альварес, ал тұрақты чемпион белбеуі кубалық Дэвид Морреллде.