425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы Қытайлық Тайпейден жеңілді

  • 117
  • UPD: 23:05, 12.09.2021
Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы Қытайлық Тайпейден жеңілді Olympic.kz

Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия біріншілігі басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтағы бірінші ойында Қазақстан командасы Қытайлық Тайпейге есе жіберді. Қазақстандықтар 0:3 (20:25,22:25,19:25) есебімен ұтылған. 

Құрлық додасында Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей және Сауд Арабиясымен бірге D тобында сынға түсуде. 

Волейболдан Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы