«Ливерпуль» ойыншысы матч кезінде сұмдық жарақат алды

«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Харви Эллиотт ойын үстінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Англия премьер-лигасы төртінші турындағы «Лидс Юнайтед» командасымен ойын кезінде болды.  

Матчтің 59-шы минутында алаң иелерінің қорғаушысы Паскаль Стрейк қарсыласы Эллиоттқа қарсы дөрекі фол жасады, осы үшін алңнан қуылды. Ал аяғын сындырған «Ливерпуль» ойыншысын алаңнан зембілмен алып кетті.