425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте пневматикалық атудан Азия чемпионаты басталды

  • 119
  • UPD: 15:14, 13.09.2021
Шымкентте пневматикалық атудан Азия чемпионаты басталды

Александр Винокуров үшсайыстан чемпион атанып, өз жеңісін тәуелсіздігіміздің мерейтойына арнады. «Темір адам» деп аталатын бәсеке Ницца қаласында өтті. Оған қатысушылар жүзу, вело және жүгіруден өзара мықтыны анықтады. Олимпиада чемпионы аталған кезеңдерді 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырып, өз жас деңгейінде жеңімпаз болды.

Шымкентте пневматикалық атудан Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге Индонезия, Бахрейн, Кувейт, Қырғызстан, Катар, Таиланд,  Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерден 120-дан аса қатысушы келді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық талаптар қатаң. Жарыс алдында спортшылар мен жаттықтырушылар, тіпті, төрешілер де коронавирусқа қатысты тест тапсырды. Сондай-ақ әр үш күн сайын оны қайталауы тиіс. Спортшылар өз шеберліктерін 20-шы қыркүйекке дейін көрсетеді. 10 күнге жоспарларған шарада төрешілер ату жылдамдығы мен оның дәлдігін саралайтын болады.

Асхат Тоқмұқов, жарысқа қатысушы (Қырғызстан):

– Азия чемпионаты мұнда алғаш рет өткізіліп отыр. Тіпті Орталық Азиядағы үлкен деңгейде ұйымдастырылған алғашқы сайыс деп ойлаймын. Спорттық нысан әлемдік деңгейге сай келеді. Өте кең. Мұнда бәрі қарастырылған. Аулада стенд ату спортына да жағдай жасалыпты.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Әлем чемпионаты біз үшін сәтті басталды. Дәл қазір Литвада футзалдан дүниежүзілік дода өтіп жатыр. Ұлттық құрама алғашқы кездесуін Коста-Рикаға қарсы өткізген. Қазақстандық жігіттер ойын басынан басымдықты қолына алып, 10-шы минутта есеп ашты. Авторы – Шыңғыс Есенаманов. ОДан кейін Дәурен ТұрсағұОв, Біржан Оразов және Дуглас Джуниорлар есепті еселеді. Ал, ұлттық құрама сапындағы Рего Тайнан қос гол соқты. Осылайша қорытынды есепті 8:1-ге жеткізді. Соның арқасында жерлестеріміз «А» тобының бірінші сатысына жайғасты. Алда әлі екі кездесуі бар. Рикардо Кака баптайтын команда алдымен литвалық, одан кейін венесуелалық құрамамен жолығады. Плей-офф кезеңіне әр топтың үздік екі командасы өтеді.

Біржан Оразов, ұлттық құрама мүшесі:

– Әлем чемпионатын жеңіспен бастағанымыз жақсы, әрине. Бірақ, бұл жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Сөздің шыны керек, ірі есеппен ұтсақ та, керемет өнер көрсеткен жоқпыз. Бұдан да жоғары деңгейде ойнай аламыз. Сондықтан әр матч сайын қарқынды үдете түсу керек. Әр кездесу алдында қателікпен жұмыс жасап, қарсыласқа арнайы жоспар құрамыз.

ЕРБОСЫНҰЛЫ ЛЕННОКСТЫ НОКАУТПЕН ҰТТЫ

Айдос чемпиондық белдікке жақындай түсті. Қазақстандық боксшы елордада кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы ол гаяналық Аллен Леннокспен жолыққан. Кейінгісі 24 жекпе-жекке қатысып, 22-сінде жеңіске жеткен. Сәйкесінше, Айдос үшін кәсіпқой мансабындағы ең басты қарсылас саналады. 12 раундқа жоспарланған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Айдос Ербосынұлы 10-шы кезеңде Ленноксты нокаутқа жіберді. Соның арқасында екінші орта салмақ бойынша WBA чемпиондық белдігіне үміткер атанды. Бұған қоса, 3 бірдей аралық чемпиондық белдігін қорғап қалды. Айта кетейік, Айдос кәсіпқой рингте бүгінге дейін 16 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтады. Биыл ол 30-ға толады. Орда бұзар жасымда әлем чемпионы атанғым келеді деді боксшы жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

азия чемпионаты басталды

 

Шымкентте пневматикалық атудан Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге Индонезия, Бахрейн, Кувейт, Қырғызстан, Катар, Таиланд,  Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерден 120-дан аса қатысушы келді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық талаптар қатаң. Жарыс алдында спортшылар мен жаттықтырушылар, тіпті, төрешілер де коронавирусқа қатысты тест тапсырды. Сондай-ақ әр үш күн сайын оны қайталауы тиіс. Спортшылар өз шеберліктерін 20-шы қыркүйекке дейін көрсетеді. 10 күнге жоспарларған шарада төрешілер ату жылдамдығы мен оның дәлдігін саралайтын болады.

 Асхат Тоқмұқов, жарысқа қатысушы (Қырғызстан):

–Азия чемпионаты мұнда алғаш рет өткізіліп отыр. Тіпті Орталық Азиядағы үлкен деңгейде ұйымдастырылған алғашқы сайыс деп ойлаймын. Спорттық нысан әлемдік деңгейге сай келеді. Өте кең. Мұнда бәрі қарастырылған. Аулада стенд ату спортына да жағдай жасалыпты.

 

Александр Винокуров үшсайыстан чемпион атанып, өз жеңісін тәуелсіздігіміздің мейрейтойына арнады. «Темір адам» деп аталатын бәсеке Ницца қаласында өтті. Оған қатысушылар жүзу, вело және жүгіруден өзара мықтыны анықтады. Олимпиада чемпионы аталған кезеңдерді 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырып, өз жас деңгейінде, жеңімпаз болды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Әлем чемпионаты біз үшін сәтті басталды. Дәл қазір Литвада футзалдан дүниежүзілік дода өтіп жатыр. Ұлттық құрама алғашқы кездесуін Коста-Рикаға қарсы өткізген. Қазақстандық жігіттер ойын басынан басымдықты қолына алып, 10-шы минутта есеп ашты. Авторы – Шыңғыс Есенаманов. ОДан кейін Дәурен ТұрсағұОв, Біржан Оразов және Дуглас Джуниорлар есепті еселеді. Ал, ұлттық құрама сапындағы Рего Тайнан қос гол соқты. Осылайша қорытынды есепті 8:1-ге жеткізді. Соның арқасында жерлестеріміз «А» тобының бірінші сатысына жайғасты. Алда әлі екі кездесуі бар. Рикардо Кака баптайтын команда алдымен литвалық, одан кейін венесуелалық құрамамен жолығады. Плей-офф кезеңіне әр топтың үздік екі командасы өтеді.

Біржан Оразов, ұлттық құрама мүшесі:

–Әлем чемпионатын жеңіспен бастағанымыз жақсы, әрине. Бірақ, бұл жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Сөздің шыны керек, ірі есеппен ұтсақ та, керемет өнер көрсеткен жоқпыз. Бұдан да жоғары деңгейде ойнай аламыз. Сондықтан әр матч сайын қарқынды үдете түсу керек. Әр кездесу алдында қателікпен жұмыс жасап, қарсыласқа арнайы жоспар құрамыз.

ЕРБОСЫНҰЛЫ ЛЕННОКСТЫ НОКАУТПЕН ҰТТЫ

Айдос чемпиондық белдікке жақындай түсті. Қазақстандық боксшы елордада кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы ол гаяналық Аллен Леннокспен жолыққан. Кейінгісі 24 жекпе-жекке қатысып, 22-сінде жеңіске жеткен. Сәйкесінше, Айдос үшін кәсіпқой мансабындағы ең басты қарсылас саналады. 12 раундқа жоспарланған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Айдос Ербосынұлы 10-шы кезеңде Ленноксты нокаутқа жіберді. Соның арқасында екінші орта салмақ бойынша WBA чемпиондық белдігіне үміткер атанды. Бұған қоса, 3 бірдей аралық чемпиондық белдігін қорғап қалды. Айта кетейік, Айдос кәсіпқой рингте бүгінге дейін 16 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтады. Биыл ол 30-ға толады. Орда бұзар жасымда әлем чемпионы атанғым келеді деді боксшы жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы