Айдос Ербосынұлы «Канеломен» жұдырықтасуы мүмкін – Сарапшылар

Айдос Ербосынұлы Сауль «Канело» Альвареспен кездесуі мүмкін. Қазақстандық боксшының соңғы кездесуінен кейін сарапшылар осындай болжам айта бастады.

Әсіресе vesti.kz спорттық порталында толыққанды сараптама жарияланып, Айдостың алдағы әлеуеті бағамдалған. Оған сәйкес жерлесіміз қазір WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші сатысында тұр. Ол өткен демалыста елорда төрінде гаяналық Аллен Ленокты ұтты. Соңғысы да WBA рейтиннгінің алдыңғы ондығында болды. Сәйкесінше, енді Айдос әлем чемпионы белдігіне жұдырықытасуы қажет. Бірақ, қазіргі чемпион Сауль Альварес оған келісе ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені мексикалық боксшының өз жоспары бар және чемпиондық жекпе-жектің өту-өтпеуі тікелей соның шешіміне байланысты. Егер жақын арада өтпейтін болса Айдос орта салмақтағы тағы бір азулы қарсыласты кездесуге шақырып, өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеуі керек.