«Астананың» тағы бір көшбасшысы командадан кетуі мүмкін

Командадан Premier Tech иелері кетісімен бірнеше шабандоз да жұмыс орнын ауыстырмақ, деп жазады Prosports.kz.

36 жастағы даниялық шабандоз Якоб Фульсанг мансабын Австралияның BikeExchange командасында жалғастыруы мүмкін. Қазір шабандоз жарақатынан емделіп жатыр.

Айта кетейік, «Астананың» қазақстандық және канадалық демеушілері сөзге келіп, Premier Tech командадан кетті.