425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елена Рыбакина әлем рейтингінде 17-орынға көтерілді

  • 87
  • UPD: 14:12, 14.09.2021
Елена Рыбакина әлем рейтингінде 17-орынға көтерілді ҚР ҰОК

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын жақсартып, қазір 17-орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 44-орынға жайғасты. Зарина Дияс бес сатыға көтеріліп, әлем рейтингінде 105-орында тұр.

Жұптық санат бойынша Анна Данилина бір саты жоғарылап 88-орынға көтерілді. Өз кезегінде Жібек Құламбаева мен Гозал Айтиндинова 466 және 493-орындарды иеленді.

Хабар 24 телеарнасы