Айдос Ербосынұлы маңызды жеңісінен кейін әлемдік рейтингке көтерілді

Айдос Ербосынұлы маңызды жеңісінен кейін әлемдік рейтингке көтерілді

12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Көшпенділер шайқасы» турнирі өтті, оның басты шайқасында қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Газан Леннокс Алленмен (22-2-1, 14 КО) кездесті, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ербосынұлы оныншы раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBA тұжырымы бойынша уақытша титулды жеңіп алды. Бұл жеңістен кейін Айдос Ербосынұлы Boxrec.com сайтының рейтингінде бір саты жоғары көтерілді. Енді қазақстандық 31-ші орында.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтанда Айдос Ербосынұлы ганалық Иссу Самирді (19-1, 16КО) үшінші раундта нокаутқа жіберіп, WBC Asia, WBA International және WBO Global чемпиондық белбеулерін қорғады.