Қытай мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық турнирін қабылдамайды

2022 жылы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың турнирі Қытайда өтпейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Байқау 17-22 қаңтар аралығында Тяньцзиньде өтуі керек еді. Қытай мәнерлеп сырғанау федерациясы мен ұйымдастыру комитеті коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер кесірінен осындай шешім қабылдады.

1 қазанда ISU кеңесі Қытайдың орнына турнирді өткізгісі келетін елдердің өтініштерін қарайды.