«Барыс» сенсациялық жеңіске қол жеткізді

«Барыс» жеңіске жетті. Ерекшелігі сол, елордалық клуб бұл жолы сырт айдында ойнады және лигадағы ең үздік командалардың бірімен жолықты.

«ЦСКА» мен «Барыс» арасындағы матчта алаң иелері есеп ашты. 11-минутта Никита Нестеров мергендігімен көзге түссе, араға бір минут салып оның командаласы Антон Слепышев нәтижені еселеді.

Ал «Барыс» кездесу соңына дейін қарымта 6 шайба соқты. Алдымен Кертис Волк екінші кезең ортасында есепті қысқартқан. Үшінші кезең басында қазақстандық клуб тағы үш шайба соқты. Бір рет Якоб Берглунд, екі рет Даррен Диц голдың авторы атанды. Бұған қоса матч соңына дейін Әлихан Әсетов пен Якоб Лилья да мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 6:3.

Осы жеңістің арқасында «Барыс» 5 ойында 4 ұпай жинап, өз конференциясының 8-сатысына жайғасты. Енді Юрий Михайлис баптайтын жігіттер Рига қаласына аттанып, жергілікті «Динамомен» кездеседі. Матч ертең өтеді.

Сондай-ақ...