Паралимпиада ойындарының чемпионының құрметіне мурал салынды

Токиода өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревтің құрметіне Қостанайда мурал салынды, деп хабарлайды «Хабар 24» prosports.kz сілтеме жасап.

Ол Хәкімжанова, 5/1 мекенжайындағы үйге салынды, онда тарихи сәт бейнеленген — чемпионның Токиодағы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған сәті.

Дектярев «алтынды» 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 174 келі зілтемірді еңсеріп, жеңіп алды.