Головкиннің келер жылы кіммен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені белгілі болды

Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келер жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Екеуміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрған жоқпын. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр. Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», – деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен американдық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді.