425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Азия чемпионаты: қоржынға күміс түсті

  • 144
  • UPD: 12:08, 16.09.2021
Азия чемпионаты: қоржынға күміс түсті

Шымкентте оқ атудан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні қазақстандық қыздар жүлдеге ілікті. Командалық сында Ирина Локтионова, Ольга Аксенова және Диана Харченко үштігі екінші нәтиже көрсетті. Олар пневматикалық тапаншамен 10 метрден ату бәсекесіне қатысқан. Айта кетейік, ердер арасында дәл осы бәсекеден алтын жүлдеміз бар. Оны қазақстандық жігіттер жарыстың алғашқы күндері жеңіп алды. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Елдар Иманқұлов жекелей сында топ жарды. Сонымен қатар, әйелдер арасында  Ольга Аксенова және микс сынында Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы қола ұтып алды. Шымкенттегі дода 20-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

 ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Дәл қазір Литвада футзалдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық жігіттер топтық кезең аясында жергілікті командамен жолықты. Жерлестеріміз ойын басыннан басымдықты қолына алып, жауапсыз үш гол соқты. Алдымен Рего Тайнан мергендігімен көзге түссе, артынша Дәурен Тұрсағұлов пен Альберт Ақбалықов есепті еселеді. Айта кетейік, осының алдында ұлттық құрама Коста-Рика жігіттерін де жеңген еді. Осылайша екі ойында 6 ұпай жинап, өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Енді топтық кезең аясында Венесуэла құрамасымен жолығады. Матч 18-ші қыркүйекте өтеді. Плей-офф кезеңіне әр топтың үздік екі командасы өтеді. Қазақстан құрамасы қазірден оған жолдама алып қойды.

Рикардо Кака, Ұлттық құраманың бас бапкері:

– Жігіттер сенімді ойнай бастады. Әрине, алғашқы матчтағыдай көп гол соға алмадық. Есесіне қақпамызға да гол жібермедік. Нәтиже көңілімізден шығады. Ең бастысы ұлттық құрама өзін еркін сезініп, командалық ойын көрсете бастады. Алдағы уақытта қарқынды одан сайын үдете береміз.

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Ал футболдан чемпиондар лигасы жалғасып жатыр. Топтық кезең аясында ең тартысты мачтардың бірі Манчестер қаласында болды. Жергілікті «Манчестер Сити» өз алаңында «Лейпциг» командасын қабылдап, 6:3 есебмен жеңске жетті. Яғни, матч барысында 9 гол соғылды. Ерекшілі сол қонақтардан Нкунку Кристофер хет-трик авторы атанды. Ал алаң иелерінен, керісінше, 6 бірдей ойыншы мергендігімен көзге түсті.

Ал жанкүйерлер тағатсыздана күткен матч Мадрид қаласында өтті. Реал мен Интер арасындағы ойында 1 ғана гол соғылды. 89-шы минутта алаң иелері сапынан Родриго мүмкіндікті мүлт жібермеді. Соның арқасында Реал «Д» тобының екінші сатысына жайғасты. "Интер» үшінші орында.

Ал «Энфилд» стадионында «Ливерпуль» мен Милан командалары жолықты. Есепті қонақтар ашқан. Бірақ, матч соңына дейін Юрген Клопп баптайтын жігіттер есепті теңестіріп, тіпті, алға шығып та үлгерді. Қорытынды нәтиже 3:2.

ПУТИНЦЕВА ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Путинцева ширек финалға шықты. Дәл қазір Словенияда теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр. Қазақстанрдық  Юлия Путинцева кеекті кездесуінде бриатниялық Кэти Бутлермен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп, 6:3, 6:1. Енді Юлия италиялық спортшымен финалдың жолдамасын сарапқа салады. Порторож қаласындағы жарыс 19-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 190 мың еуроны құрайды. Айта кетейік, күні кеше Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жарияланды. Ол жерде Юлия  11 саты төмендеп, 44-ші орынға жайғасқан.

 

Хабар 24 телеарнасы