Боксшы Садриддин Ахмедов Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Садриддин Ахмедов Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 23 жастағы Ахмедов кәсіпқой бокста 12 кездесуінде (10 нокаут) қатарынан жеңіске жеткен. 

– Біз Садриддин Ахмедовті құрамаға шақырғымыз келеді. Әрине, егер оның промоутерлері рұқсат берсе, - деді Сәтжанов. 

Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысты. Ол көп кездесуін Канадада өткізді. Сонымен қатар Қазақстан және Мексика елдерінде де айқас өткізген. 

Еске салайық, биыл Сербия еліндегі әлем чемпионатын 26 қазан мен 6 қараша арасында өтеді.