Шымкентте оқ атудан Азия чемпионатынан қоржынымызға алтын түсті

Ислам Усейнов Азия чемпионы. Шымкентте оқ атудан құрлықтық дода жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты.

10 метрге нысана көздеуден қазақстандық Ислам Усейнов топ жарды. Ол 632,7 ұпай жинап, ел рекордын жаңартты. Ал жасөспірімдер арасында 3 орынды да жерлестеріміз жеңіп алды. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, осының алдында ұлттық құрама 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алған еді. Қос алтынды ерлер арасындағы жекелей және командалық сында ұттық. Қалған медальді қыздар әкелді. Шымкенттегі дода 20 қыркүйекке дейін жалғасады.