Қарағандыда үстел теннисінен рейтингілік турнир жалғасып жатыр

8 спортшымыз жарысты жалғастырады. Дәл қазір Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық рейтингілік турнир өтіп жатыр.

Айта кету керек, бұл ТМД төңірегінде осындай деңгейдегі биылдыққа жалғыз жарыс. Оған Австрия, Үндістан, Ресей, Беларусь және Сауд Арабиясының спортшылары келді. Бұған қоса көрші Өзбекстан мен Қырғызстан да бар. Іріктеу кезеңнің нәтижесінде қыздар арасында қазақстандық Сарвиноз Миркадирова мен Ая Әлімбаева, ал ерлер арасында Ескендір Харки мен Эрик Райтер жарысты жалғастырады. Оларға орта жолдан ұлттық құрама үздіктері Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Анастасия Лаврова және Зәуреш Ақашевалар қосылады. Бұл жекелей сынға қатысты. Бұған қоса бүгін жұптық және аралас бәсекелер де басталады. Жарыстың жалпы қорытындысы 20 қыркүйекте белгілі болады.