Биылғы Токио марафоны 2022 жылға шегерілді

2021 жылғы Токио марафоны биыл өткізілмейді. Бұл туралы жарыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Марафон 7 наурызда өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар жарысты 17 қазанға ауыстырды. 

Ал таяуда турнирдің 2022 жылғы 6 наурызға шегерілгені белгілі болды. Мұның бәрі коронавирусты инфекцияға байланысты болған келеңсіздіктерге байланысты екені мәлім. 

2020 жылдың 1 наурызында әйгілі Токио марафоны әуесқойлардың қатысуынсыз өтті. Жарысқа 200 кәсіби спортшы қатысқан.

Olympic.kz

Сондай-ақ...