Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан командасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық футзалшылар Венесуэла командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. 

Осылайша, Қазақстан командасы топтан бірінші орын алып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.