Али Ахмедов соңғы айқасынан кейін уақытша жекпе-жектен шеттетілді

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) солңғы жекпе-жегінен кейін дәрігерлердің шешімі бойынша уақытша жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ахмедов өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Монтебелло (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында перулік Давид Сегарраға қарсы өткізді. Бұл кездесудің төртінші раундында отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Аталған айқастан кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы (CSAC) боксшыларды жекпе-жектен «уақытша» шеттетті. Енді Ахмедов 2021 жылдың 22 қыркүйегіне дейін, ал Сегарра 31 қазанға дейін кездесу өткізе алмайды. 

Негізі мұндай шара әр кездесуден кейін жасалатын дүние. Дәрігерлер мұндай шешімді боксшылар демалып, денсаулықтарын түзеп алу үшін жасалады. 

Еске салайық, кейінгі рет Ахмедов рингке желтоқсанда шығып, эквадорлық Карлос Гонгородан (20-0, 15 КО) жеңіліп қалды. Бұл айқаста екінші орта салмақта IBO белбеуі сарапқа салынған болатын. Ал Сегаррамен айқас 1 тамыз Альбукеркте өтуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда перулік боксшы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.