Футболдан Түркия құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Германия жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Штефан Кунц Түркия құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

58 жастағы бапкермен еңбек келісіміне бүгін, 20 қыркүйекте қол қойылады. Кунц пен түркиялық федерация арасындағы келісімшарттың мән-жайы хабарланбады.

Штефан Кунц Германия жастар құрамасын 2016 жылдан бері жаттықтырып, екі рет U-21 Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.