Регбиден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Ташкентте регбиден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Қыздар командалары арасында өткен бәсекеде Қазақстан үздік үштік қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдені Өзбекстан командасымен сарапқа салды. Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан Өзбекстаннан 14:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

БАӘ құрамасы топ жарып, құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Ал финалда жеңілген Үндістан командасы екінші орынды қанағат тұтты.