Қазақстандық спортшы брейк-данстан халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық спортшы Амир Закир брейк-данстан Бельгияда өткен халықаралық доданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Брейк-данстан JBL Unbreakable жарысына 30 елден астам құраманың спортшылары қатысты. Жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз финалда бельгиялық Майти Джиммиден басым түсті.