Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың сынына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілердің шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кеше кешкісін ҚР ауыр атлетика құрамасының мүшелері, соның ішінде, қайтыс болған Альберт Линдердің інісі де әлеуметтік желіде құрама командасының бапкерлеріне қатысты шағым мен сын айтты.

ҚР ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауына алып, әр айып бойынша анығына жетпек.

Алдағы уақытта федерация әр атлетпен байланысқа шығып, тергеу өткізеді, оның қорытындысы кейін жария етіледі», – делінген хабарламада.

Еске салайық, мұндай наразылыққа 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себепкер болды. Кейіннен спортшы өзіне қол салғаны белгілі болды.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс бастады.