Қазақстандық теннисші Чехиядағы WTA турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Беларусь өкілі Лидия Морозовамен бірге Остравада (Чехия) өтіп жатқан WTA категориясы бойынша турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кездесуде спортшылар ресейлік Натела Дзаламидзе мен Яна Сизикованы 3:6, 7:6, 6:10 есебімен екі сетте ұтты.

Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Данилина мен Морозова Бектас/Мур - Мирза/Чжан Шуай матчының жеңімпаздарымен кездеседі.