Тимофей Скатов әлемнің бұрынғы 18-ракеткасын жеңіп, сенсация жасады

20 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Astana Open ATP 250 бастапқы ойынында ATP Tour сериясындағы алғашқы ойынын италиялық Андреас Сеппиді жеңуден, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Италиялық бірінші партияда бір брейкпен алға шыққан, алайда жетінші геймде Тимофей белсенді әрекеттерінің арқасында ре-брейк жасап, матчтағы тепе-теңдікті қалпына келтірді. Қарсыластар өздерінің доп берудегі әрекеттерінде қателік жасаған жоқ, сондықтан сет біртіндеп тай-брейкке ұласты. Ойындағы басымдық есеп 3: 4 болған кезде басталды, Сеппи екі форхендтен соғу кезінде екі қателік жіберді, ал Скатов сеттегі жеңісті өзінің доп беруі кезінде қамтамасыз етті - 7:3.

Екінші сетте Андреас ортаңғы сызыққа қарай ұрған соққылары өте бастады, сол себепті қысқа соққылар жұмсады. Бұл тартыста италиялық жеңді - 6:4.

Шешуші ойын сегментінде Скатов брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Әбден сілесі қатқан Сеппи ойынды толығымен қарсыласының қолына ұстата салды. Біздің теннисші ізгі ниеттің белгісі ретінде қарсыласына бір геймді «сыйға тартты». Екі сағат 56 минутқа созылған текетірестің нәтижесі 7:6, 4:6, 6:1 Тимофей Скатовтың пайдасына шешілді.