470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Данияр Елеусінов келесі кездесуін елордада өткізеді

  • 245
  • UPD: 12:59, 21.09.2021
Данияр Елеусінов келесі кездесуін елордада өткізеді фото: vesti.kz

Бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарған.

Бұл жөнінде қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев хабарлады. Данияр бұл жолы IBF Intercontinental белдігін қорғауы қажет. Бұған қоса, осы кеш аясында тағы бір жерлесіміз Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Үлкен шоу болады. «Оны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймыз», - деді менеджер.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы қазір еркін агент. Ол бірер ай бұрын Matchroom Boxing компаниясымен әріптестікті тоқтатты. Ал, ең соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізді. Бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы аралық чемпиондық белдікті иемденді.

Хабар 24 телеарнасы