Шымкентте қоларба биінен республикалық сайыс басталды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында республикалық би сайысы басталды.

Еліміздің әр аймағынан келген өнерпаздар VІ спартакиаданың шымылдығын түрді. Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылардың қоларбада отырып билеуі елімізде біршама дамып келеді. Параспортшылардың жетістігі мен әлемдік сахнадағы ролі орасан. Мұндай сайыста мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі айтылып, олардың жан-жақты қырынан танылуына мүмкіндік туады. Жарыста тағдыр сынына мойымай, өмірден өз орнын тапқан жандар бәсеке көркін қыздырды. Екі күнге жоспарларған спартакиадаға 60 спортшы қатысып жатыр. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар тарту етіледі.

Ардақ Отарбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: 

- Екі жыл бойы пандемияның себептеріне байланысты ешқандай жарыс өткен жоқ. Ешқандай жарысқа қатысқан жоқпыз. Енді біз әділдікті ғана қалаймыз. Өйткені біз бүгінгі жарысқа барлығымыз жақсы дайындалып келдік.