Тереңөзекте волейболдан турнир өтті

Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған 22-халықаралық волейбол турнирі өтті.

Жыл сайын бұл жарысқа алыс, жақын шетелден командалар келетін. Биыл эпидахуалға байланысты еліміздің 6 облысынан және Қызылорда өңірінің барлық аймағынан аладопты серік еткен жеткіншектер қатысты. Турнирдің негізгі мақсаты жастардың шеберлігін шыңдап, бәсекелестікті арттыру. Талдықорған мен Тараздан және Түркістан облысынан келген өрендер төрт күн бойы айналымдық жүйе бойынша өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтайды. 250-ден аса қатысушы арасынан үздіктер іріктеліп, жастар арасындағы ел чемпионатында бақ сынайтын команда жасақталады.

Болат Көшербаев, жарысты ұйымдастырушы:

- Негізгі біздің мақсатымыз жасөспірімдерді дайындау. Үлкен спортта жеңіске жету үшін, ол мына балаларды дайындап. Осы жарысқа қатысқан көптеген балалар Қазақстанның үлкен дәрежеде команда құрамында ойнап, өздерінің өнерін көрсетіп жатыр.