426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Футбол патшасы Пеле денсаулығы үшін күресіп жатыр

  • 136
  • UPD: 10:07, 22.09.2021
Футбол патшасы Пеле денсаулығы үшін күресіп жатыр

Футбол патшасы Пеле көп ұзамай ауруханадан үйіне оралатынына сенеді. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында велосипед теуіп, жаттығып жатқан бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшы қамқорлық құшағында екенін және өзін жақсы сезініп келе жатқанын жазған. Естеріңізге сала кетейік, футбол чемпионатының әзірге жалғыз 3 дүркін жеңімпазына осы айдың басында қарнындағы ісікті алу бойынша операция жасалған болатын. Кейін Пеленің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. Қазір ол палатаға шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы